10.05.2017, 16:01 5066

Алматы облысыныӊ әкімі Сейітхан Исаевты 100 жасымен құттықтады

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Ұлы Отан соғысыныӊардагері, Елбасыныӊ ұстазы, ардақты ақсақал Сейітхан Исаевты 100 жасқа толуымен және Ұлы Жеӊіс мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Ұлы Отан соғысыныӊардагері, Елбасыныӊ ұстазы, ардақты ақсақал Сейітхан Исаевты 100 жасқа толуымен және Ұлы Жеӊіс мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыс әкімі А. Баталов ақсақалға Мемлекет басшысыНұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ құттықтау хатын оқып, табыстады. Президенттіӊ хатында: "Құрметті Сейітхан аға! 100 жасаған торқалы тойыӊыз құтты болсын! Бір ғасыр өмір сүру екініӊ біріне бұйыра бермейтін биік шыӊ. Соныӊ басына шығу жолында Сіздіӊ ғұмырыӊыз түрлі қиындықтар мен қуаныштарға толы болды. Ұлы Отан соғысына қатысып, ел қорғадыӊыз. Ондаған жылдар бойы мектепте ұстаз болып, еӊбек етіп, мыӊдаған шәкірттердіӊ жүрегіне білім нәрін құйдыӊыз. Солардыӊ қатарында өзімніӊ де болғанымды әрдайым ризашылықпен еске алып, айтып жүремін. Еӊ бастысы, Сіз ел тәуелсіздігініӊ куәсі болып, абыз ақсақалымыздыӊ бірі ретінде Отанымыздыӊ көркейіп, нығаюына өз үлесіӊізді қостыӊыз. Ауырмай аман-есен болып, бұдан былай да өмірдіӊ қуанышы мен қызығына бөлене беріӊіз", - делінген. Мұнан соӊоблыс басшысы ақсақалға сый-құрмет көрсетіп, иығына ақ шапан жапты.

Сейітхан Ахметұлы өз кезегінде Мемлекет басшысыныӊ салиқалы саясатымен аға ұрпаққакөрсетіліп отырған сый-құрметпен қамқорлық үшін ризашылығын білдірді. Осындай қолдау шараларыныӊ арқасында ардагерлер еӊсесін тік ұстап, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп келеді. "Мен әрқашан еліміздіӊ, оныӊ ішінде облысымыздыӊ даму бағытын бағамдап отырамын. Атқарылып жатқан игі істерге әрқашан тілекшімін. Алдағы уақытта да елімізге тыныштық, өсу мен өркендеу тілеймін", - деді абыз ақсақал.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны