Система Orphus

Алматы облысының Ақсай шатқалында бетон қабырғаның құлауынан зардап шеккендер кінәлілерді жазалауды талап етуде

21.04.2008, 18:42 2388

Алматы. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Ақсай шатқалында бетон қабырғаның құлауынан зардап шеккендер кінәлілерді жазалауды талап етуде. Бұл туралы бүгін зардап шеккендердің мүддесін қорғаушы, "Қазақстан әйелдері" республикалық қозғалысының төрайымы Дәметкен Иленова баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Оқыс оқиға "Базис-А" корпорациясына кіретін бетон зауытының директоры, жер қожайынының кінәсінан болған. Оның аты Сергей Игнатьев. Оған таудағы жер телімін берген. Сөйтіп ол өз аумағын кеңейтіп, оны тегістей бастаған. Жеріне тонналап тас пен топырақ жеткізіп, қоршау орнатқан, бірақ оны дұрыс бекітпеген. Яғни, ол бетонмен емес, жай арматурамен ғана бекітілген", - деді Д. Иленова.

Оның айтуынша, осы учаскенің аяқ жағында саяжай ауылы болған, ол жерде ауылдардан қоныс аударғандар тұрақты тұрып жатқан. Ауыл тұрғындары аудандық әкімшілік пен төтенше жағдайлар департаментіне қатер туралы бірнеше мәрте өтініш жазғанымен, олардан жауап алмаған. Олар сондай-ақ, С. Игнатьевтің өзіне де айтқан, бірақ, ол ауыл тұрғындарының айтуынша, қабырғаны бекітуге тиісті шара қолданбаған.

Қабырғаның құлауы мен адамдардың өліміне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 23-бабына сәйкес (кінәсіз залал келтіру жөніндегі) қылмыстық іс қозғалған, ол бойынша ешбір жаза қарастырылмаған", -деді Д. Иленова.

"Мүдделі жақтар қайғылы оқиғаны зілзаланың кесірі секілді сипаттамақшы. Іс аясында Игнатьевтің жер телісінде жұмыс істеген құрылысшылардың түсінектемесі пайда болды, онда олар "алдымен су ақты, сосын тас құлады, сосын ғана қорғау сырғыды" деп көрсетілген. "Қазақселденқорғау мекемесі саяжай учаскесі лай көшкін жүру қаупі бар жерде орналасқан деп жазады. Жер асты сулары мен жер астындағы опырылыстар туралы жазады. Бірақ бізде сол құлаудан кейін түсірілген фотосурет бар, онда топырақтың құрғақ екені айқын көрінеді", -деді Д. Иленова.

Аудандық әкімшілік қаза тапқандардың отбасыларының әрқайсысына 360 мың теңгеден бөлген. Сонымен бірге, зардап шеккендердің айтуынша, олар Игнатьевтің өзінен әрбіреуі 3 мың доллардан алған. Соған қарамастан, зардап шеккендер кінәлілердің жаза жүктеуіне қол жеткізбек ниетте.

"Біз бұдан былай осындай оқиға қайталанбауы үшін кінәлілердің бәрі де жазаланғанын қалаймыз. Мемлекеттік органдар да жаза жүктеуге тиіс. Содан кейін барлық тауларға қатысты мәселені шешу керек. Адамдарды осындай тауларға орналастырмау керек, оларға онда бассейндер мен мептиктер салуға рұқсат бермеу керек, өйткені - таулар біздің байлығымыз", - деді Д. Иленова.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20 наурызда Ақсай шатқалындағы "Эдельвейс" саяжай ауылында тау етегінде сабаннан салынған екі қабатты үйге терраса құлап түскен. Онда бес адам өліп, екеуі жарақаттанған болатын, тоғыз бала жетім қалды.

Нөсер жаңбыр жауар болса, Іле Алатауында көшкін түсіп, сел жүруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел құтқару отрядының басшысы Илихан Көкжанов хабарлады.

"Тау бөктерлерінің бәрінде террасалар салынған. Қатты жаңбыр жауса бәрі ақты дей беріңіз. Көшкін түсуі де, сел жүруі де мүмкін. Бұны жаппай құрылыс жүрген тау аңғарларының барлығына да қатысты айтуға болады. Олар: Ақсай, Широкое, Проходное, Кіші Алматы аңғарлары", - деді И. Көкжанов.

Оның айтуынша, құрғақ ауа райында топырақ жылжиды. 20 наурызда Ақсай шатқалындағы "Эдельвейс" саяжай ауылында дәл осындай оқиға болды. Онда бес адам өліп, екеуі жарақаттанған болатын. Тау етегінде сабаннан салынған екі қабатты үйге терраса құлап түскен. Террасаны тау бөктерінен жоғары өмір сүрген саяжай тұрғыны салыпты. Осылайша ол өз жер телімінің аумағын кеңейтпекші болған.

"Мамандар өз тұжырымдарын жариялайды. Менің ойымша, кінәлілердің аты аталатын болады. Тап осы жағдайда, менің пайымдауымша, біріншіден, барлық ережелер мен заңдарды өрескел бұза отырып, мұндай жерге үй салуға рұқсат берген жергілікті атқару органдарының өкілдері кінәлі. Екіншіден, әрине, тау бөктерінен жоғары тұрған үй иесі кінәлі", - деді И. Көкжанов.

Оның айтуынша, бұл жағдайдағы жергілікті атқару органы - бұл Қарасай ауданының Каменка ауылдық округы. "Құрылыс ережесінің бұзылмауын қадағалау жергілікті атқару органдарының функциясы болып табылады. Тау бөктерлері мұндай ауқымдағы құрылысқа шыдас бере алмайды. Содан топырақ жылжиды", - деп атап көрсетті Республикалық жедел құтқару отрядының басшысы.

"Алғашқы дабыл өткен жылдың көктемінде бір адамның қазасымен аяқталған "Каменское плато" тұрғын аумағында көшкін жүргенде соғылды", - деп есептейді И. Көкжанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны