29.05.2008, 18:44 3201

Алматы облысының Алакөл ауданында 10 бала энтеровирусты жұқпалы аурумен ауырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Алматы облысының Алакөл ауданында 10 бала энтеровирусты жұқпалы аурумен ауырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Алакөл ауданында 10 бала энтеровирусты жұқпалы аурумен ауырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысының Алакөл ауданында осы жылдың мамыр айының 24 мен 29 аралығында 5 жасқа дейінгі балалар арасында энтеровирусты жұқпалы аурумен ауырған 10 оқиға тіркелді", - деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, Жайпақ ауылынан ауырған алғашқы екі бала Алакөл аудандық орталық ауруханасына 24 мамырда жатқызылған, оларға онда "энтеровирусты инфекция" деген алдын-ала диагноз қойылды. "Ауру туралы ақпарат келген соң ауру ошағына облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің мамандарынан құралған топ жіберілді", -делінген хабарламада.

"Жұқпалы аурудың таралуына қарсы шараларды қолданған кезде әлгіге ұқсас ауру белгілерімен Жайпақ ауылында тағы 7 бала мен Қайнар ауылында 1 бала анықталды", -деп хабарлайды мекеме.

"Барлық балалар ауруханаға жатқызылған және аудандық орталық аурухананың жұқпалы ауруларды емдеу бөлімінде тиімді ем қабылдауда". "Науқастардың жағдайы жеңіл деп бағалануда, диагнозды растау үшін зерттеу материалдары Алматыға зертханалық тексеруге жіберілді", -деп нақтыланған баспасөз баянында.

"Ауру ошағында эпидемияға қарсы кешенді шараларды қолдану одан әрі жалғасып, ауруханаға жатқызылған балалармен қарым-қатынаста болғандар дәрігерлік бақылауға алынып, жаңадан науқастарды айқындау үшін ауыл-үйлерді аралауда", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны