14.12.2011, 15:29 3294

Алматы облысының ауылшаруашылық саласында көптеген жұмыстар жүргізілді

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Алматы облысы еліміздегі ең ірі агроиндустриялық аймақтардың бірі болып табылады, облыста жалпы республикалық көлемнен жалпы аграрлық өнімнің 16 пайызға жуығы өндіріледі.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысының ауылшаруашылық саласында көптеген жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Алматы облысы еліміздегі ең ірі агроиндустриялық аймақтардың бірі болып табылады, облыста жалпы республикалық көлемнен жалпы аграрлық өнімнің 16 пайызға жуығы өндіріледі.

Алматы облысы аграрлық бағыттағы өңірлердің қатарына жатады. Облыс қант қызылшасын, жүгері, соя, темекі, картоп, көкөніс, ет, жұмыртқа және жүн өндіру бойынша Қазақстанда алғашқы орынға, күріш, жеміс-жидек, жүзім мен сүт өндіру бойынша екінші орынға ие.

2010 жылы ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 227,8 млрд. теңгеге жетіп, 1991 жылмен салыстырғанда 69 есеге артты. 2011 жылы 264,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндірілуде.

1991 жылы аймақта астық өнімділігі бір гектардан 7,9 центнер болса, 2010 жылы бір гектардан 23,8 центнерге, 2011 жылы бір гектардан 25,1 центнерге жетті. 1991 жылы бастапқы есепке алу салмағындағы жалпы астық алу көлемі 0,7 млн. тоннаны құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 1,1 млн. тоннаны, 2011 жылы 1,2 млн. тоннаны құрады.

2010 жылы аграрлық саланы дамытуға 10,4 млрд. теңге бюджет қаражаты бөлінді, оның ішінде өндірісті субсидиялауға 8,2 млрд. теңге немесе қаржының 80 пайызы тартылған. Өсімдік өсіру саласында ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіруге арналған озық технология енгізуге ерекше назар бөлінуде.

2011 жылдың қаңтар-қазан айларында Алматы облысында ірі мүйізді мал басы - 964 мың (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2 пайыз), қой мен ешкі саны - 3625,5 мың (101,7 пайыз), шошқа - 184,7 мың (100,0 пайыз), жылқы - 267,7 мың (102,4 пайыз), құс - 10521,7 мыңды (104,8 пайыз) құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны