06.10.2015, 19:17 4030

Алматы облысыныӊ екі тұрғыны Сириядағы әскери қақтығыстарға қатысқаны үшін алты жылға сотталды

Алматы облысыныӊ ағайынды екі тұрғыны Сириядағы әскери істерге қатысып, ҚР аумағында радикалды идеяларды насихаттағандары үшін алты жылға сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратураныӊ баспасөз қызметінен

Алматы. 07 Қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ ағайынды екі тұрғыны Сириядағы әскери істерге қатысып, ҚР аумағында радикалды идеяларды насихаттағандары үшін алты жылға сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратураныӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдыӊ наурызында Алматы облысыныӊ арнайы қызметтері Қарасай ауданыныӊ 1973 жылы туған С. есімді тұрғынын ұстады. Ол жихадшылардыӊ қатарында сириялық әскерге қарсы шайқасқанын мойындады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Тергеу ақпараттарына сәйкес, 2013 жылдыӊ желтоқсанында сотталушы С. Түрік-Сирия шекарасын заӊсыз өтіп, "Аль-Каида" халықаралық террористік ұйымыныӊ "Абу Убейда жамағаты" тобына кірген. Олардыӊ қатарында оныӊ туған ағасы - 1971 жылы туған Р. күрескен.

Азамат С. ҚР-ға оралып, қаруланған жихад идеяларын насихаттады. Тінту кезінде жедел қызметкерлер оныӊ пәтері мен көлігінен экстремизм белгілері бар кітаптар, дисктер және брошюраларды тәркіледі.

С. жихадқа қатысуға дайындалған. Барлығы 2003 жылы жихад туралы аудио және видеодәрісті тыӊдаудан басталған.

С. тергеумен келісімге келіп, істеген ісіне өкініп, қылмыстыӊ өзге сыбайластарын табуға септесті.

Қарасай аудандық сотыныӊ үкімдерімен С. мен Р. айыпты деп танылып, әрбірі алты жылға бас бостандығынан айырылды. Олардыӊ мүлкі тәркіленді. Тергеумен келісімнен басқа, сот олардыӊ кәмелетке толмаған балаларыныӊ барын ескерді.

Ағайындылар жазасын жалпы режімдегі түрмеде өткізеді.

Сот үкімдері заӊды күшіне енді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны