07.09.2017, 14:48 4617

Алматы облысыныӊ Еӊбекшіқазақ ауданы Есік қаласында 600 орынды жаӊа мектеп ашылды

Білім күніне орай облыстыӊ халқы тығыз орналасқан Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар, Еӊбекшіқазақ, Панфилов және Райымбек аудандарында жалпы саны 24 жаӊа мектеп пайдалануға берілді. Олардыӊ екеуі күні кеше Жамбыл және Қарасай аудандарында берілген болса, қалған 22-сі дәл осы күні ашылды.

Талдықорған. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Білім күні Алматы облысыныӊ Еӊбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласында 600 орындық жаӊа мектеп ашылды. Шараға облыс әкімі Амандық Баталов қатысып, оқушыларды, олардыӊ ата-аналары мен ұстаздарды қуанышты сәттерімен құттықтады.

Өзініӊ құттықтау сөзінде өӊір басшысы мемлекеттік қолдау мен Елбасыныӊ қазақстандық өскелеӊ жас ұрпаққа деген тұрақты қамқорлығыныӊ арқасында биылғы жылы Алматы облысында 41 жаӊа мектептіӊ құрылысы жүргізіліліп жатқандығын тілге тиек етті. Оныӊ 35-і жылдыӊ соӊына дейін пайдалануға берілетін болса, 24-і Білім күні қарсаӊында берілгелі тұр. Соныӊ ішінде бүгінгі салтанатты түрде ашылып жатқан №1 Рахат орта мектебі де бар екендігін атап өтті.

- Құрметті оқушылар және ата-аналар! Сіздерді шын жүректен осынау қуанышты сәттеріӊізбен құттықтаймын. Жаӊа мектептіӊ қабырғасында сіздер толық мүмкіндіктеріӊізді пайдалана отырып, сапалы білім алып, өз күштеріӊізге сенім танытып, тәрбиелі де саналы азамат болып шығатындықтарыӊызға толық сенім білдіремін. Мектептіӊ педагогикалық ұжымыныӊжұмысына табыс, жоғары көрсеткіштер мен сәттілік тілеймін, - деді Амандық Баталов.

Осыдан кейін символикалық Білім кілтін табыстау рәсімі қалыптасқан үрдіскесай мектеп директоры Бибігүл Букаеваға табысталды. Жаӊа мектептіӊ лентасы қиылғаннан кейін өӊір басшысы мектептіӊ ішіне еніп, биология кабинеті мен лабораториясын, сондай-ақ өзге де оқу кабинеттерінаралап көрді.

Естеріӊізге салар болсақ, құрылыс жұмыстарын "Жөндеу құрылыс" ЖШС жүргізді. Жобаныӊ жалпы сметалық құны - 1,4 млрд. теӊгені құрады. Мектеп екі қабаттан тұрады және 600 оқушыға арналған. Мектепте қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген физика, химия кабинеттері, акт және спорт залдары, асхана, мультимедиялы-лингафондық кабинет пен өзге де кабинеттер қарастырылған. Мектептіӊ педагогикалық құрамында 83 мұғалім бар.

Естеріӊізге салар болсақ, Білім күніне орай облыстыӊ халқы тығыз орналасқан Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар, Еӊбекшіқазақ, Панфилов және Райымбек аудандарында жалпы саны 24 жаӊа мектеп пайдалануға берілді. Олардыӊ екеуі күні кеше Жамбыл және Қарасай аудандарында берілген болса, қалған 22-сі дәл осы күні ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны