05.09.2017, 19:04 4953

Алматы облысыныӊ Еӊбекшіқазақ ауданында "Туған жер" бағдарламасы аясында демалыс саябағы ашылды

Алматы облысыныӊ Еӊбекшіқазақ ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында "Туған жер" бағдарламасы аясында демалыс саябағыныӊ салтанатты ашылуы өтті. Шараға облыс әкімі Амандық Баталов арнайы келді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ Еӊбекшіқазақ ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында "Туған жер" бағдарламасы аясында демалыс саябағыныӊ салтанатты ашылуы өтті. Шараға облыс әкімі Амандық Баталов арнайы келді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Құттықтау сөзінде облыс әкімі:

- Елбасы өзініӊ бағдарламалық мақаласында "Патриотизм еӊ алдымен туған жерге, өз ауылына, қаласына, өӊіріне және кіші отанына деген сүйіспеншіліктен бастау алады" деген болатын. Айтылған сөзге құлақ салған Жетісулық кәсіпкерлердіӊ үлкен құлшыныспен және ұлтжандылығымен Мемлекет басшысыныӊ "Туған жер" бағдарламасын іске асыруға жұмыла кірісіп кеткендігі бізді қатты қуантады. Бүгінгі күні Жетісу өлкесініӊ әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға өлшеусіз үлесін қосып келе жатқан Алматы облысында туып өскен есімі елге тараған атақты меценаттардыӊ бары белгілі. Осы тұста "Туған жер" бағдарламасы аясында еӊ алғашқы жоба дәл осы Еӊбекшіқазақ ауданында жүзеге асырылып жатқандығын ерекше атап өткен жөн. Бұл баршамыз үшін жақсы үлгі болмақ. Меніӊ ойымша, осындай игі істер облысымыздыӊ өзге азаматтарыныӊ да қолдауын табатын болады. Баршаӊызды тағы бір мәрте осынау әсем демалыс саябағыныӊ ашылуымен шын жүрегімнен құттықтап, әрбір істеріӊізге сәттілік тілеймін, - деді.

Естеріӊізге салар болсақ, жаӊа демалыс саябағы Сабировтар отбасыныӊ арқасында ашылып отыр. Олар жоғары технологиямен жемістер мен көкөністерді өсірумен айналысатын "Amal BIO" ЖШС-ніӊ меншік иесі болып табылады. 1 га аумақты құрайтын саябақта шағын футбол алаӊы, балаларға арналған ойын алаӊдары, стритбол ойынына арналған алаӊ, 130 орынға арналған концерт өтетін орын орналасқан. Саябақтыӊ барлық аумағы абаттандырылған, жарықтандырылған, 100 астам жас көшеттер мен декоративті гүлзарлар отырғызылған. Аталған жобаны іске асыруға меценаттардыӊ өз қаражаты есебінен 30 млн. теӊге қаражат бөлінген.

Сабировтардыӊ айтуынша олар бүгінгі іспен тоқтап қалмақ ойлары жоқ. Алдағы уақытта да "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға білек сыбана кірісетін болады. Олардыӊ жоспарында Жаӊа тұрмыс және Қазақстан ауылдарында да дәл осында демалыс саябақтарын ашу мақсаты тұр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны