31.08.2016, 18:26 7094

Алматы облысыныӊ Іле ауданында биыл 11 балабақша ашылғалы отыр

Икімдіктіӊ хабарлауынша, жаӊа оқу жылыныӊ қарсаӊында Іле ауданы Ақши ауылында жаӊа балабақша ашылды. Сөйтіп аудандағы балабақшалар саны 45-ке жетті. Жалпы биылдыӊ өзінде мұнда 11 балабақша ашылғалы отыр.

Талдықорған.31 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ Іле ауданында биыл 11 балабақша ашылғалы отыр, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігініӊ ресми сайты.

Икімдіктіӊ хабарлауынша, жаӊа оқу жылыныӊ қарсаӊында Іле ауданы Ақши ауылында жаӊа балабақша ашылды. Сөйтіп аудандағы балабақшалар саны 45-ке жетті. Жалпы биылдыӊ өзінде мұнда 11 балабақша ашылғалы отыр. Мектепке дейінгі бұл мекемені "Балапан" бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде аудандық мәслихат депутаты, іскер азамат, "Дәулет Бекет" ЖШС президенті Сыдық Дәулетов өз қаражатымен ашқан. Жаӊа нысанныӊ ашылуы нәтижесінде 17 адам жұмыспен қамтылған.

"Ақбота" балабақшасы 100 балаға арналған. Екі қабатты ғимаратта балаларға қажетті барлық жағдайлар жасалған.

Салтанатты басқосуға аудан әкімі Қыдыркелді Медеуов бастаған аудан активі қатысты. Жиын алдында Сыдық Дәулетов еӊ алдымен ауыл мәдениет үйіне бас сұғып, ауылдыӊ мобильді кітапханасына принтер табыс етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны