05.06.2008, 18:34 3108

Алматы облысының Қарасай ауданындағы ауыл шаруашылық жерлері автокөлік жарыстарына пайдаланылмайды

Алматы облысының Қарасай ауданындағы ауыл шаруашылық жерлері автокөлік жарыстарына пайдаланылмайды

Алматы. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Қарасай ауданындағы ауыл шаруашылық жерлері автокөлік жарыстарына пайдаланылмайды. Мұндай мәлімдемені Алматы облысының жер қатынастары басқармасының бастығының міндетін атқарушы В. Красмик "Қазақстан Бүгін" агенттігінің сұрауына орай жасады.

"Бұл егіс даласы ХОЗУ ЖАҚ меншігі. Тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер. Жерді пайдаланушы бұл жерлерді ешкімге берген емес және қазіргі уақытта АҚ балансында тұр", - деп хабарлады В. Красмик.

Ол сондай-ақ, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты биыл көктемде көлік жүргізушілері егіс даласының шетімен жүргендігін түсіндірді. Қазіргі уақытта жол қозғалысы қалпына келтірілген. Жер телімі жан-жағынан темірмен қоршалған. Басқа да заң бұзушылықтар ол жерден анықталмаған.

Ал агенттік мәліметтеріне сүйенсек, жолдың жағдайы қазіргі уақытта сол жердің тұрғындары шағым жасаған кездегідей қалып отыр. Соңғы айларда ол жерде жол жөнделмеген.

Агенттік тілшісіне ҚР Ауыл шаруашылық министрлігімен хабарласу мүмкіндігі туған. Министрлік Алатау шаруашылығына ұзақ мерзімге жалға берілген жердің мемлекет меншігінде екендігін растады және шаралар қабылдауға уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны