14.04.2015, 17:32 5465

Алматы облысыныӊ кәсіпкерлері дарынды балаларға қолдау көрсетеді

Алматы облысынан 10 оқушыға "Haileybury Almaty" халықаралық мектебінде тегін оқуға мүмкіндік туды, деп хабарлады облыс әкімдігі

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысынан 10 оқушыға "Haileybury Almaty" халықаралық мектебінде тегін оқуға мүмкіндік туды, деп хабарлады облыс әкімдігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуге "Haileybury Almaty" мектебініӊ директоры Крейг Холсалл қатысты. Мектеп директоры өз сөзінде мектепке қабылдау шарттары, оқу бағдарламасы, мектеп ұсынатын мүмкіндіктер туралы айта келе, жоғары сынып оқушылары түсірген "Біздіӊ мектебіміз - біздіӊ әлеміміз" атты презентациялық ролигін ұсынды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ айтуынша, "Haileybury Almaty" мектебіне кәсіпкерлердіӊ есебінен мектептіӊ конкурсынан сүрінбей өткен 10 оқушыны тегін оқыту, оқушы мектепті аяқтағанша оныӊ ата-анасыныӊ Алматы қаласында тұруына жағдай жасау да қарастырылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны