19.03.2010, 13:58 2708

Алматы облысының Қызылағаш ауылында болған тасқыннан ҚХР-ның 221 азаматы зардап шекті - ТЖМ

Алматы облысының Қызылағаш ауылында болған тасқыннан ҚХР-ның 221 азаматы зардап шекті - ТЖМ

Астана. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысының Қызылағаш ауылында болған тасқыннан ҚХР-ның 221 азаматы зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылағаш ауылында ауыл тұрғындарының тізімін түзету жөніндегі тіркеу бөлімшесінде жұртшылықпен жұмыс жүргізілуде. Жалпы алғанда тіркеу басталғаннан бері 2643 адам тіркелген. Соның ішінде 221 адам ҚХР азаматтары болып табылады. ТЖМ түсініктемесіне сәйкес, олар - оралмандар, бірақ құжаттары бойынша ҚХР азаматтары болып табылады.

Алматы облыстық әкімдігінің хабарлауынша, жасалған бас жоспарға сәйкес, Қызылағаш ауылында 467 үй салынып, ауыл су қорғау аймағынан 40 метр қашықтықта Талдықорған қаласы бағытында көшіріледі. Құрылыс жұмыстары 2,5-3 айда аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, әкімдіктің хабарлауынша, бұған дейін "Ауыз су" бағдарламасы бойынша Қызылағаш ауылында су құбырын тартуға жұмсалады деп жоспарланған 130 млн теңге көлеміндегі қаржыға қоса облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қосымша жетіспей отырған 40 млн теңге облыстық бюджеттен бөлінеді.

Икімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 наурыздағы жағдаймен ауылға 1088 адам оралған. Олардың бәрі де меектеп ғимаратында немесе шатырларда, не болмаса аман қалған үйлерде орналастырылды.

Облыс әкімінің шешіміне сәйкес, ауыл тұрғындарына ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізуі үшін жалпы аумағы 2 гектар шамасында жер телімдері бөлінеді. Облыстың барлық аудандарынан тұқым себу жұмыстары үшін 300 тоннадан астам тұқым жеткізіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталығы ауылдың көшірілген тұрғындарын жеделдете құжаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Жалпы алғанда 162 адам құжаттарынан айрылып қалғанын хабарлаған. 18 наурыздағы жағдаймен 104 құжат рәсімделіп, 26 -сы қолға берілсе, 93 адам көші-қон полициясына азаматтық алуға тапсырғандарын жеткізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны