01.08.2018, 07:20 4432

Алматы облысыныӊ полицейлері жоғалған баланы жарты сағатта тапты

Тәртіп сақшыларыныӊ мәліметіне сәйкес, "жедел іздестіру шаралары барысында баланы жетектеп кеткен адамныӊ түр-тұрпатына бағдар берілді. Сол бағдар бойынша 30 минут ішінде полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адам қолға түсірді. Бала аман-есен ата-анасына тапсырылды".

Талдықорған. 1 тамыз. Kazakhstan Today - "Іле аудандық полициясына 2015 жылғы кішкентай баланыӊ жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Аталған факті бойынша іздеу жұмыстарына полицияныӊ жеке құрамы толық жұмылдырылып, 3 жасар қыз бала жарты сағатта табылды",- деп хабарлайды облыстық ІІД Баспасөз қызметі.

Оқиға 30 шілде күні Алматы қаласы маӊындағы ірі елдімекендердіӊ бірінде болған. Сол күні кешке әкесімен бірге мешітке барған қыз баланы белгісіз біреу алып кеткен.

Тәртіп сақшыларыныӊ мәліметіне сәйкес, "жедел іздестіру шаралары барысында баланы жетектеп кеткен адамныӊ түр-тұрпатына бағдар берілді. Сол бағдар бойынша 30 минут ішінде полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адам қолға түсірді. Бала аман-есен ата-анасына тапсырылды".

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны