13.05.2008, 11:49 1332

Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында құтқарушылардың "Қазспас - 2008" халықаралық жиыны өткізіледі

Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында құтқарушылардың "Қазспас - 2008" халықаралық жиыны өткізіледі

Алматы. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында Қазақстан Республикасының ТЖМ "Тас қала" полигонының оқу-жаттығу базасында 20 мамыр мен 3 маусым аралығында құтқарушылардың "Қазспас - 2008" халықаралық он үшінші семинар- жиыны өткізіледі. Бұл туралы агенттікке Алматы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай жарыстарға жақын және алыс елдердің және Қазақстанның 30 құтқару командасы қатысады.

Изербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдова, Тәжікстан, Украина, Қытай, Монғолия, Польша және АҚШ құтқарушыларынан жарысқа қатысу жөнінде өтініш келіп түсті.

Аталған жарыстардың ашылуына БҰҰ, Солтүстік Атлантикалық альянс, ТМД күштерінің Корпусы, РФ ТЖМ жетекшілері, АҚШ-тың Аризона штатының Ұлттық гвардиясының өкілдері, халықаралық және қоғамдық ұйымдар қатысады.

"Командалар белгіленген қашықтықты жүгіріп өтіп, белағаштарда жаттығуларды орындайды, сондай-ақ олар апаттан құтқару құралдарын пайдалана отырып шартты түрде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп оны тасымалдайтын болады. Жарыстар кезінде командалар табиғи және техногендік апаттар кезінде кездесетін жасанды және табиғи тосқауылдардан өтіп, арнайы тапсырмаларды орындайтын болады", деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Жарыстардың қорытындылары бойынша жеңіске жеткен командалар ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің Кубогымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, жарыстар құтқарушылардың дайындауды жетілдіру, кәсіби деңгейін көтеру, кәсіби апаттан құтқару қызметтері мен құрылымдық бөлімшелерді апаттан құтқаруға бағытталған бірлескен жұмыстарға машықтандыру мақсатында өткізіліп отыр. Сонымен қатар адамдарды құтқарудың заманауи технологиялары мен тәсілдері үйретіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны