05.07.2013, 14:20 3031

Алматы облысының тәртіп сақшылары екі педофилді қолға түсірді

Жамбыл ауданы Қасымбек ауылының әйел тұрғыны өзімен бірге тұратын 50 жастағы ер азамат наурыздан шілде айына дейін кәмелетке толмаған қызын зорлап келгендігі туралы айтып, арызданды.

Астана. 5-шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысының тәртіп сақшылары екі педофилді қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл ауданы Қасымбек ауылының әйел тұрғыны өзімен бірге тұратын 50 жастағы ер азамат наурыздан шілде айына дейін кәмелетке толмаған қызын зорлап келгендігі туралы айтып, арызданды.

Қазір күдіктіден АІІБ-де жауап алынуда.

Сондай-ақ Іле ауданында Ащыбұлақ ауылының шетінде 4-сынып оқушысын зорлауға әрекеттенген 29 жастағы ер адам қолға түсті. Күдікті жергілікті АІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына тоғытылды.

Екі оқиға бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жұмыстары қолға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны