03.02.2011, 16:04 3988

Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 3 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қардың қалың жауып, артынша ауа райының күрт жылынуы салдарынан Алматы облысының таулы аймақтарында 2011 жылдың 3-4 ақпаны күндері қар көшкіні болуы мүмкін деп күтілуде",- деп хабарлайды Алматы қаласының гидрометеорологиялық мониторинг орталығынан.

Осыған байланысты орталық қызметкерлері азаматтарды таулы аймақтарда сақ болуға шақырады.

Pogoda.yandex.ru ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта Алматы қаласында ауа температурасы +6 градусты көрсетіп тұр. Ертең, 2011 жылдың 4-ақпанында ауа температурасы күндіз +2, ал сенбі күні 5-ақпанда - 2 градус болады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны