17.10.2018, 18:06 2940

Алматы облысыныӊ төтенше жағдайлар департаментініӊ бастығы пара алды деп күдіктелуде

Ол азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін "Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментініӊ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыс қызметі" мемлекеттік мекемесініӊ кадр жұмысы бөлімініӊ бастығынан 300 000 теӊге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ ТЖК Алматы облысыныӊ төтенше жағдайлар департаментініӊ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі пара алды деп күдіктелуде.

Ағымдағы жылдыӊ 11 қазан күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ Төтенше жағдайлар комитетініӊ Алматы облысыныӊ төтенше жағдайлар департаментініӊ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі парақорлықта әшкереленді.

Ол азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін "Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментініӊ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыс қызметі" мемлекеттік мекемесініӊ кадр жұмысы бөлімініӊ бастығынан 300 000 теӊге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Ол өз кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынбады.

Тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны