22.12.2014, 15:39 3276

Түрмеге 18 жылға сотталды қылмыскер

Ресей құқық қорғау органдары күдіктіні жеке жек көрушілік қатынасы негізінде екі адамды өлтіргені үшін айыптаған болатын.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуратурасы 2013 жылғы шілдеде Ресей Федерациясы құзырлы органдарыныӊ ұзақ уақыт бойы халықаралық іздеуде жүрген және Алматы қаласында ұсталған, осы елдіӊ азаматы М.Агаевты беру туралы сұрау салуын қанағаттандырған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Ресей құқық қорғау органдары күдіктіні жеке жек көрушілік қатынасы негізінде екі адамды өлтіргені үшін айыптаған болатын.

Ағымдағы жылғы 8 желтоқсанда ресейлік тараптан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, М.Агаев аталған қылмысты жасағаны үшін Саратов облыстық сотыныӊ үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, үкім заӊды күшіне енген.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны