02.06.2008, 12:46 2413

Алматы облысының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Алматы облысының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Алматы. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары мемориалының алдында өткен митингке Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, қоғам қайраткерлері, саяси қуғын-сүргін құрбандарының жақындары мен туысқандары қатысты.

"Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтың "артында миллиондаған қасірет тұрса да тек сандар ғана қорқынышты емес. Қорқыныштысы - тоталитаризмнің кесапатын түсіне алмау" деген сөздері еске түседі. Алдыңғы ұрпақты есте сақтау - біздің адамгершілік және қасиетті борышымыз. Қазіргі таңда мемлекетіміз тарихи әділеттіліктің орнауы үшін, барлық саяси қуғын-сүргін құрбандарына құрмет пен ұқыпты қарауды қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсап отыр. Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен олардың ұрпақтары алдында басымды иемін", - деді Ахметжан Есімов.

"Қазақстанда 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып табылады. ХХ ғасырдың 30-жылдары ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) тарапынан саяси қуғын-сүргінге шамамен 3 млн адам ұшырады. Анықтама мәліметтеріне сүйенсек, 1921 мен 1954 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында сотталған адамдардың саны 3 млн 777 мың адамға жеткен. Олардың ішінде 642 мың адам өлім жазасына кесілген. Қазақстанда осы уақыт ішінде 103 мың саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам атылған", - деп көрсетілген баспасөз-релизінде.

Сталиндік репрессия кезінде аман қалған мыңдаған адам қазір ай сайынғы жәрдемақы алады. Қазақстан президенті сталиндік саяси қуғын-сүргінді басынан өткізген қазақстандықтарға зор түсіністікпен қарайды. Мемлекет басшысының ыждахаттылығының арқасында Жаңалық ауылында ескерткіш орнатылып, Алматыдағы НКВД-ының бұрынғы ғимаратында саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы ашылған. 1993 жылдың 14 сәуірінде қабылданған "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң Тәуелсіз Қазақстанда қабылданған алғашқы заңдардың бірі болды.

"Алматы облысының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіші орнатылған. Мұнда Алматыдағы ішкі істер халық комиссариатының жертөлелерінде атылған 3 мыңға жуық қазақстындықтың мүрдесі көмілген", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны