18.04.2017, 20:31 4556

Алматы облысыныӊ жұртшылығы Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласына қатысты өз пікірлерін ортаға салуда

Жалпы, латын әліпбиіне көшу - жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім деп ойлаймын. Бұл біздіӊ ашық әлемніӊ бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжып, дамыған елдердіӊ қатарынан орын алуымызға зор мүмкіндік.

Талдықорған. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ жұртшылығы Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласына қатысты өз пікірлерін ортаға салуда.

Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында елімізді жаӊа қырынан танытуға баса көӊіл бөлінген. Онда 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастау қажеттілігі айтылған.

Осыған байланысты мақалада: "Ол кезеӊ де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудіӊ нақты кестесін жасауы керек. Латыншаға көшудіӊ тереӊ логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаныӊ, коммуникацияныӊ, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесініӊ ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. Жыл аяғына дейін ғалымдардыӊ көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиініӊ жаӊа графикадағы бірыӊғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаӊа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет" делінген.

"Жалпы, латын әліпбиіне көшу - жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім деп ойлаймын. Бұл біздіӊ ашық әлемніӊ бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжып, дамыған елдердіӊ қатарынан орын алуымызға зор мүмкіндік. Сонымен бірге, бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр. Бір сөзбен айтқанда, латын әліпбиіне көшу еліміз, ұрпағымыз үшін өте маӊызды. Сондықтан бұл өте дұрыс қабылданған шешім деп ойлаймын",- дейді Жандос Нұрғазинов,"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Алматы облыстық филиалыныӊ бас менеджері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны