10.04.2017, 18:07 5383

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманыӊ басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімініӊ өкімімен Айдар Карбозұлы Башбаев Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманыӊ басшысы болып тағайындалды

Талдықорған. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысы әкімініӊ өкімімен Айдар Карбозұлы Башбаев Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманыӊ басшысы болып тағайындалды.

Айдар Карбозұлы Башбаев 1972 жылы туған. Ил-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы тарихшы, экономика және бизнес бакалавры.

Еӊбек жолын Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде тарих пәнініӊ мұғалімі болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы Алматы облысыныӊ ақпарат саласында жұмыс істеп келеді. Ир жылдары Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бас маман, Алматы облысы әкімі баспасөз қызметініӊ бас маманы болып қызмет атқарған.

2008 жылдыӊ қараша айынан бері Алматы облысы әкімі Баспасөз қызметініӊ жетекшісі - облыс әкімініӊ баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны