23.04.2010, 13:13 2988

Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тауларда қар көшкіні түсуі мүмкін - Қазгидромет

Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тауларда қар көшкіні түсуі мүмкін - Қазгидромет

Астана. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тауларда қар көшкіні түсуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК ескертуінде атап көрсетілгендей, "Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы таулы аудандардағы тау баурайларындағы қар қабатының тұрақсыздығына байланысты 2 500 метр шамасындағы, ал Шығыс Қазақстан облысында 1500 метр биіктік аймағында 23-26 сәуірде қар көшкіні түседі деп күтілуде".

Бұл орайда "күн қарқынды жылынған кезде және жаңбыр жауған жағдайда қауіп күшейеді". Сол себепті қар көшкіні түсуіне себепкер болу мүмкіндігі болуға байланысты қарлы әрі жарлауыт тау баурайларына бармауға және тауларда абай болуға нұсқау беріледі.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, "24 - 27 сәуірде ауа температурасының көтерілуіне және қардың тез еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында су деңгейі одан әрі көтеріліп, баурайлардан су ағысы белең алуы, су тасқыны болу ықтималдығы бар".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны