13.04.2007, 17:32 3285

Алматы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар - Қазгидромет

АЛМАТЫ. 13-сәуір. Kazakhstan Today. Алдағы екі аптада Алматы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар. "Қазгидромет" РМК бүгін осындай ескерту жариялады.

"Қардың жағдайының тұрақсыздығына және Шығыс Қазақстан облысының 1,4 мың метрден жоғары, ал Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының 2500 метрден жоғары таулы аудандарында күн райының тұрақсыз болатындығына байланысты сәуірдің 14 мен 30 аралығында көшкін түсу қаупі сақталады",- делінген хабарламада.

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, күн қарқынды жылынған және жаңбыр жауған жағдайда қауіп тіптен арта түспек.

Осыған байланысты тұрғындарға осы кезеңде биік таулы аймақтарда мәдени-бұқаралық шараларды өткізуден бас таруға нұқсау беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны