07.04.2009, 17:47 3046

Алматы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар - Қазгидромет

Алматы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар - Қазгидромет

Алматы. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін " агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазгидромет" РМК бүгін осындай ескерту жариялады.

"Шығыс Қазақстан облысының, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында жаңбырға байланысты 7-8- сәуір күндері көшкін түсу қаупі сақталады",- делінген хабарламада.

Осыған байланысты тұрғындарға осы кезеңде биік таулы аймақтарда қарлы тау баурайларына барудан бас тартуға нұқсау беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны