31.07.2006, 16:11 6719

Алматы орталығында ескерткіш орнату үшін көк желек жойылуда

АЛМАТЫ. 31- шілде. Kazakhstan Today. Құрылысшылар ескерткіш орнатамыз деген желеумен Алматы орталығындағы ағаштарды шауып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жұмысшылардың бірі "ағаштар қандай мақсатта кесіліп жатыр деген тілші сауалынабылай деп жауап қатты: "мұнда желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған ескерткіш орнатылады".
Белгілі болғандай, осыған дейін өткен қала құрылысшылары кеңесінің мәжілісінде кеңес төрағасы, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Желтоқсан көшесінің (Сәтпаев көшесінің қиылысы) жолын бөліп жатқан аллеяға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналған "Тәуелсіздік таңы" монументін орнату қажеттігін айтқан. Нақтырақ айтқанда, қала әкімі монумент Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерін қақ жарған ұзынша қиықтың негізінде, үстіміздегі жылдың күз айына дейін Республика тәуелсіздігі күніне орай және Демократиялық жаңару күні қарсаңында орнатылатындығын мәлімдеген.

"Тас жолды бөлген жолақ жүру жолынан көтеріңкі, ені 2 метр болуы мүмкін және жиек таспен көмкеріледі", дейді құрлыс компаниясының өкілдері. Шын мәнісінде, жұмыс жолақ жолдың қақ ортасында жүргізіліп жатыр, көшеттер жойылуда.

"Зеленстрой" компаниясы президентінің міндетін атқарушы Евгений Цвиттің айтуынша, мұнда бірнеше құрылыс компаниялары жұмыс істеуде. Желтоқсан оқиғасының 20 жылдық мерейтойына арналған жоба қала әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр, дейді ол. Е.Цвит жүру жолын бөліп жатқан ұзынша қиықта ондаған түп ағаштың кесілгенін хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны