01.03.2007, 17:20 3311

Алматы орталығындағы Фрунзенің ескерткіші алып тасталды, оның орнына саябаққа кіретін есік салынады - мәдениет департаменті

АЛМАТЫ. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы орталығындағы Михаил Фрунзенің ескерткіші алып тасталды. Ескерткіштің орнына қарағайлы саябақ аумағына кіретін орталық есік салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Менің білуімше, бұл саябақты көркейту бірегей қарағайлы орманды сақтап қалу мақсатында жүргізілген. Және де әзірленген жоба бойынша Фрунзе ескерткішінің орнында саябаққа кіретін орталық есік жобаланған",- деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қалалы қәкімшілігі мәдениет департаментінің ескерткіштерді қорғау бөлімінің бастығы Еркеболат Тоқмағамбетов.

Алматының басқа да ескерткіш мүсіндерін де осындай тағдыр күтіп тұр. "Біз барлық көсемдеріміздің ескерткіштерін бір жерге - "Сары - Арқа" кинотеатрының артына көшіруге ұсыныс жасап отырмыз, онда қазіргі күнде Калинин мен Лениннің ескерткіштер тұр",- деді Еркеболат Тоқмағамбетов.

Қалалық мәдениет департаменті профильді министрлікке "Сары - Арқа" кинотеатрының артында, ашық аспан астында мемориалдық саябақ құру туралы ұсыныс енгізген. "Қала басшылығы аталмыш аумақты беруге қарсы емес",- деді ол. "Министрлік (мәдениет және ақпарат министрлігі) заң жобасын әзірлейтін болу керек, себебі бұрынғы көсемдердің ескерткіштерін көшіру проблемасы тек Алматыда ғана емес, сондай-ақ басқа қалаларда да туындауда",- деп санайды ескерткіштерді қорғау бөліміндегілер.

М. Фрунзенің ескерткіші қалалық Оқушылар сарыйына жалғасқан қарағайлы саябақ аумағына өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдары тұрғызылған. Өткен жылы сарайдың ғимараты бұзылып, оның орнына қала басшылары қонақ үй салмақ болған. Икімшіліктің мұндай шешімі қоғамның қатты наразылығын тудырған болатын. Себебі, біріншіден, Оқушылар сарайын бұзу балалардың бос уақытын өткізетін жерден айыруға әкеп тірейді, екіншіден адамдар жақын аудандардағы тұрғындардың көптеген жылдар бойы демалыс орнына айналған қарағайлы саябақтың тағдырына алаңдаушылық білдірген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны