23.02.2015, 21:34 3895

Алматы - Өскемен тас жолында адам өмірін қиған жол-көлік апаты болды

Өскемен-Алматы тас жолыныӊ 56 шақырымында ВАЗ-21099 маркалы автомобильмен "Тойотой Камри" көлігі соқтығысып, 23 жастағы жолаушы қаза тапты, үш адам ауруханаға жеткізілді

Алматы. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Өскемен-Алматы тас жолыныӊ 56 шақырымында ВАЗ-21099 маркалы автомобильмен "Тойотой Камри" көлігі соқтығысып, 23 жастағы жолаушы қаза тапты, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полицейлердіӊ хабарлауынша, апат кешқұрым мезгілде болған. 22 жастағы ВАЗ көлігініӊ жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүріп, көлігін басқара алмай қалған. ВАЗ көлігінде болған 23 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы жараланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сондай-ақ, "Тойота" маркалы көлікте болған 50 жаста жолаушы да ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік апатына қатысты ҚР ҚК 345-бабыныӊ 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны