13.03.2009, 14:42 2739

"Алматы Пауэр Консолидэйтед" ЖАҚ-ның атауы "Алатау Жарық Компаниясы" болып өзгертілді

"Алматы Пауэр Консолидэйтед" ЖАҚ-ның атауы "Алатау Жарық Компаниясы" болып өзгертілді

Алматы. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы "Алматы Пауэр Консолидэйтед" ЖАҚ-ның атауы "Алатау Жарық Компаниясы" болып өзгертілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Алатау Жарық Компаниясының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бізде қайта құру жүргізілген жоқ, атау ғана өзгертілді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"АПК 2007 жылға дейін вертикалды интеграциялық құрылым болған. 2007 жылы жағдай өзгеріп, АПК тек электр қуатын жіберу және таратумен ғана айналысатын болды (осыған дейін АПК жылу қуатын өндіру, тасымалдау және таратумен де айналысты). Бірақ сол кезде атау өзгертілмей, осы жолы өзгертілу арқылы процесс аяқталып отыр", -деп түсіндіреді АЖК.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "атаудың өзгертілуіне байланысты қазір ешқандай өзгеріс болмайды".

"Алматы Пауэр Консолидейтед" ЖАҚ Қазақстан Республикасының энергетикалық секторын жекешелендіру аясында 1996 жылы құрылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны