02.08.2006, 12:50 3053

Алматы Пауэр Консолидэйтед жылу мен электр қуатының бағасын көтеруге ниет білдіруде

АЛМАТЫ. 2-тамыз. Kazakhstan Today. " Алматы Пауэр Консолидэйтед" АҚ еліміздің монополияға қарсы комитетіне жылу мен электр қуатының бағасын көтеру туралы өтініш білдіріп отыр. Млонополистің өтініші кеше Алматы қалалық әкімшілігінде өткен қоғамдық тыңдауда талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төраға орынбасары Нұрлан Алдабергеновтың айтуынша, "кәсіпорын электр қуатын тасымалдау және тарату бағасын, сондай-ақ, жылу өндіру, тарату және онымен қамтамасыз ету құнын көтеруді талап етуде".

"Алматы Пауэр консолидэйтед" жылу энергиясының Гегакалориясын шамамен 3560 теңгеге, яғни, 3-есеге, ал электр энергиясының КилоВатын сағатына 5 теңге 57 тиынға яғни, екі есеге көтеруді ұсынып отыр. Қазір электр қуатының құны Қосалқы құн салығын есептемегенде бір КилоВатт / сағаты 3,79 теңге, ал жылу құнының бір Гегакалориясы 1687,1 теңге. Елімізде жылу энергиясының бағасы соңғы рет 2000-жылы, ал электр электрэнергиясының бағасы осыдан төрт жыл бұрын көтерілгенін алға тарқан АПК-лықтар, тарифтерді өзгертетін уақыт жетті дейді.

АПК ақпаратына сәйкес, 2005-жылы компания 3,7 млрд. теңге көлемінде шығынға ұшыраған. Ал баға осы деңгейде сақталып қалған жағдайда 2006-жылы шығын көлемі 7,1 млрд. теңгеге жетеді деген уәж айтылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны