04.06.2015, 15:14 3914

Алматы полициясы бірнеше пәтерді тонады деген күдікпен 32 жастағы келіншекті қолға түсірді

32 жастағы жұмыссыз келіншек осыған дейін бірнеше пәтерді тонаған екен. Еӊ соӊғы рет келіншек 4-қабатты тұрғын үйдіӊ жоғарғы қабатында орналасқан бөлменіӊ есігін бұзып

Алматы. 04 Маусым. Kazakhstan Today - Алматы полицейлері пәтерге ұрлыққа түскен келіншекті үш сағат ішінде ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

32 жастағы жұмыссыз келіншек осыған дейін бірнеше пәтерді тонаған екен. Еӊ соӊғы рет келіншек 4-қабатты тұрғын үйдіӊ жоғарғы қабатында орналасқан бөлменіӊ есігін бұзып, ішіндегі құнды заттарды қолды еткен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Жетісу аудандық ІІБ жедел іздестіру тобы 3 сағаттан соӊ 1983 жылы туылған Аманқұлованы қолға түсірді. Кейін ол өзініӊ ұрлағанын мойындап, жапа шегушініӊ заттары тұрған мекен жайды айтып берді. Қазір оған қарсы ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді баспасөз хатшысы Салтанат Изірбек.

Ұрланған заттар иесіне тапсырылды.

"Бұл жағдайда камералардыӊ дұрыс орналаспағаны қиындық туғызды. 7 камераныӊ назарынан тыс қалу үшін келіншек көше жарығын сөндіріп тастаған. Алған заттарын подьездегі терезе арқылы сыртқа лақтырып, өзі құр қол камералардыӊ алдынан өтіп кетеді", - деді Жетісу ІІБ қызметкерлері.

Осыған байланысты құқық қорғау органдарыныӊ өкілдері терезелерге тор орнатуға кеӊес беріп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны