07.08.2018, 17:00 6787

Алматы полициясы Қоғамдық кеӊестіӊ нұсқауына сәйкес "102" қызметі операторларын екі есеге көбейтпек

Қоғамдық кеӊестіӊ ұсынысы бойынша абоненттерге қызмет көрсететін "102" арнайы желініӊ сапасын арттыру үшін ІІД Жедел басқару орталығыныӊ операторлар санын екі есеге көбейтеміз. Оныӊ үстіне 2 ауыспалы жұмыс кестесі енгізіледі, яғни әр оператор 24 сағат емес 12 сағат жұмыс істейді. Бұл жедел әрекет етуге және абоненттерге уақытылы әрі сапалы қызмет көрсетуге септігін тигізеді", -дейді Квашнин.

Алматы. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы Қоғамдық кеӊесімен ынтымақтастық аясында Ішкі істер департаменті жұртшылықпен жұмыс істеу сапасын арттыру үшін кешенді жұмыстар атқаруда. Бұл жайында Алматы ІІД-ніӊ Жедел басқару орталығыныӊ басшысы Андрей Квашнин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазіргі күні біздіӊ операторлар ауысым бойынша жұмыс істеуде, бір тәулік бойы жұмыс атқарады, яғни бүгін жұмысқа кіріссе, ертеӊ бірақ шығады. Ирине, бұл қызметкерге өте ауыр және оныӊ жұмысқа қабілеттілігіне, нәтижесіне әсер етеді. Сондықтан біз Қоғамдық кеӊестіӊ ұсынысы бойынша абоненттерге қызмет көрсететін "102" арнайы желініӊ сапасын арттыру үшін ІІД Жедел басқару орталығыныӊ операторлар санын екі есеге көбейтеміз. Оныӊ үстіне 2 ауыспалы жұмыс кестесі енгізіледі, яғни әр оператор 24 сағат емес 12 сағат жұмыс істейді. Бұл жедел әрекет етуге және абоненттерге уақытылы әрі сапалы қызмет көрсетуге септігін тигізеді", -дейді Квашнин.

Сонымен қатар ол, қосымша мамандар аттестациядан өткен қызметкерлер арасынан жедел жасақталатынын айтып өтті. Ереже бойынша "102" қызметініӊ операторы болып тек аттестациядан өткен полиция қызметкерлері жұмыс істей алады.

Жедел басқару орталығыныӊ хабарлауынша, тұтастай алғанда "102" қызметін толыққанды call-орталық ретінде қайта құру бір күнде тындырылатын шаруа емес. Қазір осындай орталық құруға қатысты қаржылық, ұйымдастыру, мамандар мәселесі дәйектеліп жатыр.

Алматы ІІД-ніӊ Жедел басқару орталығыныӊ мәліметінше, 2018 жылдыӊ 6 айында орталықта 373 мыӊнан астам телефон қоӊырауы тіркелген. Олардыӊ 28 мыӊнан астамы жасалған қылмыстар жайлы, ал 150 мыӊнан астамы - әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны