18.12.2015, 10:16 3986

Алматы полициясы мейрамхана маӊында оқ атқандарды ұстады

Оқиға Алмалы ауданында Наурызбай мен Жамбыл көшелерініӊ қиылысында желтоқсанныӊ 11-нен 12-сіне қараған түні орын алған.

Астана. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы полициясы мейрамхана маӊында оқ атқандарды ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға Алмалы ауданында Наурызбай мен Жамбыл көшелерініӊ қиылысында желтоқсанныӊ 11-нен 12-сіне қараған түні орын алған.

Жанжалдасқан екеудіӊ бірі екіншісіне қарата оқ атқан. Салдарынан екінші адам жеӊіл жараланды. Алайда, ауруханаға жатудан бас тартты.

"Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабыныӊ 3-тармағы бойынша бұзақылық ретінде бірыӊғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Күдіктілер ұсталды. Тіпті кезенген қару еш жерде тіркелмеген болып шықты. Сот-баллистикалық сараптама нәтижесінде бұл қару кімге тиесілі екендігі әрі басқа қылмыстарға қатыстылығы анықтала жатады", - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Изірбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны