09.09.2015, 18:28 4010

Алматы полициясы талай жұртты сан соқтырған күдіктілерді қолға түсірді

Алматы полициясы өзбекстандық азамат басқарған алаяқтар тобындағы күдіктілерді қолға түсірді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады

Алматы. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы полициясы өзбекстандық азамат басқарған алаяқтар тобындағы күдіктілерді қолға түсірді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күдікті ретінде ұсталған Өзбекстан азаматы мен жергілікті азаматша, тергеу барысында анықталғанындай, бір емес бірнеше қылмыстық істерге барған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Олар алдымен ақшаға мұқтаж адамдарды іздейтін болған. Исіресе, күдіктілердіӊ торына өз бизнесін дамытуға қаржы іздеген кәсіпкерлер түсіп отырған. Қаскүнемдер алдымен оларға өздерін несие берумен айналысатын мықты қаржылық компанияныӊ өкілдері ретінде таныстырып, басқа банктерге қарағанда аз мөлшерлемемен несие бере алатындықтарын айтып сендірген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында анықталғанындай, несие берушіге кепілге ешқандай мүлік керек болмаған. Бірақ, келіссөздер барысында күдіктілер өз клиенттерін алғашқы жарна төлеуге көндіріп отырған. Мысалы, олар Алматы іргесінде құс фабрикасын ашқысы келген әйелден алғашқы жарна ретінде 35 мыӊ АҚШ долларын талап еткен. Кейін, несие алу мәселесі шешілген соӊ, күдіктілер оған 5 миллион теӊгеге көлемінде қарыз беруге уәде еткен. Сөйтіп, бұл әйелмен қатар басқа да жәбірленушілер алаяқтардыӊ талаптарын бұлжытпай орындаған", - деді өз сөзінде Алматы қаласы Иуезов аудандық ІІБ басқармасыныӊ бастығы, полиция полковнигі Бақыт Қасабеков.

Аудандық полиция басқармасыныӊ дерегі бойынша, қазір осы бөлім тергеушілерініӊ өндірісінде осы алаяқтардыӊ құрбаны болған 10 азаматтыӊ арызы жатыр.

Сөйтсе, бұл қаскүнемдер клиенттерін сендіру үшін өздерініӊ төлем қабілеттілігін және ірі көлемде несие бере алатындай мүмкіндігі бар екендіктерін растайтын қаржылық құжаттардыӊ бланкілерін пайдаланған. Өкінішке қарай, алданған адамдардыӊ ешбірі өзін сақтандыру мақсатында күдіктілер ұсынған ақпараттыӊ рас-өтірігін тексермеген.

"Біздіӊ деректер бойынша, бұл алаяқтық желіні "А" есімді Өзбекстан азаматы ұйымдастырған. Ол жергілікті тұрғындар арасынан өзіне көмекшілер тапқан. Ал олар әлеуетті клиенттер іздеп табумен айналысқан. Егер тергеу барысында бұл қылмыстарға басқа да адамдардыӊ қатысы бар екендігі анықталса, олар міндетті түрде ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал екі күдікті тұтқындалды. Алдағы уақытта олардыӊ елімізде орын алған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілетін болады. Жаӊа ғана Алматы облысыныӊ бірнеше тұрғыныныӊ осы күдіктілердіӊ құрбаны болғандықтары белгілі болды. Олар енді полицияға арыз бермекші", - деді полковник Қасабеков.

Осыған байланысты, Алматы қаласы Иуезов аудандық ІІБ басшылығы қала тұрғындарын күдіктілердіӊ түріне зер салып қарауға және таныған жағдайда 298-53-00 және 298-53-01 телефондарына хабарласуға шақырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны