15.04.2015, 22:35 4025

Алматы полициясы жүргіншіні өлімші етіп қағып, оқиға орнынан ізін жасырған жүргізушіні іздестіруде

Алматы қаласыныӊ Икімшілік полиция басқармасы жүргіншіні өлімші етіп қағып кеткен және оқиға орнынан із жасырып үлгерген белгісіз автокөліктіӊ жүргізушісін іздестіруде

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Икімшілік полиция басқармасы жүргіншіні өлімші етіп қағып кеткен және оқиға орнынан із жасырып үлгерген белгісіз автокөліктіӊ жүргізушісін іздестіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Жан түршігерлік оқиға 12 сәуір күні, шамамен кешкі сағат 20:00-де болған. Бекмаханов көшесі бойымен батыс бағытта келе жатқан жүргізуші Бұрындай көшесімен қиылысар жерде Алматы облысыныӊ 60 жастағы тұрғынын қағып кетеді. Жүргінші жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше сағаттан кейін №4-ші қалалық клиникалық ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Ал әлі анықталмаған автокөліктіӊ жүргізушісі оқиға орнынан із жасырып үлгерген. Дегенмен, полиция қызметкерлері куәгерлердіӊ көмегімен оныӊ фотороботын жасады. Ол тез арада Алматы қаласы мен облысыныӊ барлық полиция бөлімшелеріне таратылды", делінген мәлімдемеде.

Алматы полициясы осы жол-көлік оқиғасына куә болған жүргізуші туралы тұспалдап болса да білетін азаматтарды мына телефондарға хабарласуларын сұрайды: 254-47-80; 8-707-814-68-47; 8-707-837-78-13 және 8-701-707-36-96.

Хабарласушылар туралы ешбір деректіӊ таратылмайтындығына кепілдік беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны