03.04.2007, 19:16 3055

Алматы прокуратурасы әкімшілік қарсылықты қабылдауға байланысты "Алматыжерге" қатысты шағымын кері қайтарып алды

АЛМАТЫ. 3- сәуір. Kazakhstan Today. Алматы прокуратурасы әкімшілік жер телімдерін тәркілеу схемасына "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын қосу жөніндегі қаулыға қатысты жасалған қарсылықты қабылдауға байланысты "Алматыжерге" қатысты шағымын кері қайтарып алды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының прокуратурасынан хабарлады.

"Бастапқыда әкімшілік қарсылықты қабылдамаған, бірақ сотқа берген кезде тартысты қаулының күшін жойған. Сондықтан да шағым 30-наурызда ауданаралық арнаулы экономикалық соттан кері қайтарылды",- деп түсіндірді прокуратураның баспасөз қызметі.

Агенттікке белгілі болғандай, 29-наурызда Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов "Алматы қаласы әкімшілігінің 2006 жылдың 12-қыркүйегіндегі № 6/1086 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" № 2/425 қаулыға қол қойған.

"2006 жылдың 26-қыркүйегіндегі Алматы қалалық ІІІ шақырылған мәслихатының XXIV сессиясының шешімімен бекітілген Алматы қаласының аумағындағы құрылыс салу ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді Алматы қаласының мәслихатында бекітуге жасалған ұсынысқа байланысты... Алматы қаласының әкімшілігі қаулы шығарады: Алматы қаласы әкімшілігінің 2006 жылдың 9-маусымындағы "Алматы қаласындағы жер телімдеріне құқық беру Ережесін бекіту туралы" № 3/780 қаулысының күші жойылды деп танылсын",- деп айтылған құжатта.

"Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның баспасөз хатшысы Александр Губерт, кәсіпорынды жабу және "Алматыжердің" іс-қызметін тоқтату туралы мәселе қойылмағандығын түсіндіріп өтті. "Қазіргі уақытта жер телімдерін тәркілеу жөніндегі жаңа қаулыларға қол қойылып ждатқан жоқ, біз тек бұрынғы шешімдермен жұмыс істеудеміз. Кәсіпорын жұмыс істейтін жаңа құжат қабылданғанда жағдай айқындалады",- деп қосты А. Губерт.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны