13.06.2008, 17:08 2876

Алматы студенттеріне қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы қайтарылды

Алматы студенттеріне қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы қайтарылды

Алматы. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы студенттеріне қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы қайтарылды. Кеше Алматы қаласының әкімдігінде өткен қалалық көліктердегі жолақы тарифін ұлғайту мәселелері жөніндегі жиналыс барысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Алматы қаласындағы қоғамдық көліктердегі жеңілдік тарифі ақылы немесе грантпен оқитындығына қарамастан барлық ЖОО мен колледждердің студенттеріне тиесілі болады. 1 шілдеге дейін студенттер үшін жолақы құны жалпы құнның 50 пайызын, яғни, 25 теңгені құрайды. Сонымен бірге, биыл 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында қоғамдық көліктердегі жолақы құны еш шектеусіз барлық студент атаулыға 50 теңгені құрамақ.

Икімдіктегілер атап көрсеткендей, қазіргі уақытта оқу жылы кезіндегі барлық студенттер үшін жолақы тарифі туралы шешім қабылдануда. Қазіргі таңда белгілісі оқу түріне қарамастан ЖОО мен колледждерде оқитындар үшін жолақы қолайлы болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны