06.01.2009, 18:09 3066

Алматы - Талғар тас жолында көктайғаққа байланысты көлік қозғалысы қиындады

Алматы - Талғар тас жолында көктайғаққа байланысты көлік қозғалысы қиындады

Алматы. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы - Талғар тас жолында көктайғаққа байланысты көлік қозғалысы қиындады. Бұл туралы агенттікке Талғар қаласының тұрғындары хабарлады.

Жүргізушілердің хабарлауынша, кеше кешке және бүгін таңертең қатты көктайғаққа байланысты жолда көлік қозғалысы қиындады. "Жолдарда қатты көктайғақ болуда. Кеше кешке тіптен жүру қиын болды. Көліктер өрге шыға алмай қалды. Бірнеше көлік жолдың шеттерінде тоқтап қалып, апатты жағдайлар тудырды. Таңтертең жағдай қайта қайталанды", - дейді жүргізушілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны