15.01.2015, 17:44 4327

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

ҚР ТЖМ Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді, яғни "Қазгидромет" ӨММ-ніӊ дауылды ескертуіне сәйкес, алдағы тәуліктерде толассыз қардыӊ шамадан тыс түсуіне байланысты таулы аймақтарда қар көшкінініӊ жүру қауіпі бар

Алматы. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР ТЖМ Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді, яғни "Қазгидромет" ӨММ-ніӊ дауылды ескертуіне сәйкес, алдағы тәуліктерде толассыз қардыӊ шамадан тыс түсуіне байланысты таулы аймақтарда қар көшкінініӊ жүру қауіпі бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осыған байланысты қаламыздыӊ тұрғындарын, қонақтары мен туристерін таулы аймақтарға сапар шекпеуін және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Қар көшкіні қауіпін тудыратын биік қар басқан шатқалдарға шығуға тиым салынады.

Таулы аймақтарда сақ болыӊыздар!

Алматы қ. ТЖД Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны