08.08.2018, 20:13 6822

Алматы тұрғындары 19 миллиард теӊгеге медициналық сақтандырылды

Бұл - төлемдер басталған уақыт - 2017 жылдыӊ 1 шілдесі мен 2018 жылдыӊ 31 шілдесі аралығында келіп түскен сома екенін айта кету керек. Бұл - Қазақстанныӊ бүкіл өӊірлері бойынша еӊ жоғары сома және ол жалпы қаржы түсімдерініӊ 21,3% -ына теӊ. Екінші орында Астана (12,5%), үшінші орында - Қарағанды облысы (жалпы түсімдердіӊ 8,2%).

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today- "Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ филиалыныӊ ақпаратына сәйкес, Алматыда қала тұрғындарынан Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына шамамен 19 миллиард теӊге түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вечерний Алматы" газетіне сілтеме жасап.

Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарналардыӊ жалпы сомасы 18,9 млрд теӊгеден асып жығылды. Бұл - төлемдер басталған уақыт - 2017 жылдыӊ 1 шілдесі мен 2018 жылдыӊ 31 шілдесі аралығында келіп түскен сома екенін айта кету керек. Бұл - Қазақстанныӊ бүкіл өӊірлері бойынша еӊ жоғары сома және ол жалпы қаржы түсімдерініӊ 21,3% -ына теӊ. Екінші орында Астана (12,5%), үшінші орында - Қарағанды облысы (жалпы түсімдердіӊ 8,2%).

Республика бойынша жарналардыӊ жалпы сомасы 88,9 млрд теӊгеден асып жығылды.

Оныӊ 80,3 млрд теӊгесі (90,3% жуығы) жұмыс берушілердіӊ қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теӊге (9,7%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еӊбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Еліміздіӊ бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат болашақта МИМС пакеті шеӊберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес, МИМС қоржыны шеӊберінде 2020 жылдан бастап медициналық қызмет көрсету қолға алынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны