26.12.2007, 18:34 3542

Алматы тұрғындары қала әкіміне Аяз ата ретінде өтініш жасады

Алматы тұрғындары қала әкіміне Аяз ата ретінде өтініш жасады

Алматы. 26-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы тұрғындарының бастамашы тобы бүгін әкімшілік алдындағы алаңда жаңа жыл қарсаңында іс-шара жүргізіп, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовке Аяз ата ретінде өтініш жасады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне бастамашы топтың мүшесі Ризада Жақыпбек хабарлады.

"Біз өзімізбен бірге жаңа жылдың шыршасын ала келіп, айнала әндетіп биледік. Бізде "Шаңырақ" бірлестігінің өкілі Ақшақар болды, ал қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовты Аяз ата болуға шақырдық. Біз бірлесіп оны "Аяз ата шығыңыз" деп шақырып, "Қала тұрғындары қыста жаурайды" атты белгілі әнді айттық",- деді Р. Жақыпбек.

Оның айтуынша, іс-шара жүргізуге бастамашы топтың жер телімдерін мемлекеттік қажеттілік үшін тәркілеуге байланысты дау-жанжалды шешу жөніндегі қоғамдық комиссия құру туралы ұсынысы түрткі болған.

"Мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін тәркілеуге байланысты көптеген дау-жанжалдар қоғамның қатысуымен шешілуі үшін қоғамдық комиссия құру туралы ұсыныс жасаймыз. Сондықтан да біз бүгін әкімшілік алдындағы алаңда жаңа жыл мейрамына орай іс-шара жүргіздік",- деп хабарлады Р. Жақыпбек.

"Біздің қоғамдық комиссия құру туралы ұсынысымыз - бұл 12-желтоқсанда әкімшілік өкілдеріне берген петициядағы алдыңғы бес талаптарымызға толықтыру болып табылады",- деп хабарлады бастамашы топтың мүшесі.

"Біз осыған дейінгідей өз ұсынысымызды Алматы әкімінің құрылыс мәселесі жөніндегі орынбасары Қанат Сұлтанбековке табыс еттік. Ол біздің ұсынысымызға 5-қаңтарда жауап берілетіндігін хабарлады",- деді Р. Жақыпбек.

Оның айтуынша, "біздің бес талабымыз" қойылған петицияға 10 күннен кейін, яғни 22-желтоқсанда жауап берілуге тиіс болған, бірақ "Алматыжердің" заң бөлімінің бастығы Сергей Чайкиннің айтуынша, қазір бұл жауап олардың басқармасында жатыр.

Бұрын хабарлағанымыздай, Алматы тұрғындарының бастамашы тобы Алматы әкіміне әкімшіліктің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жер кодексіне қайшы келетін "Мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін тәркілеу туралы" қаулысының күшін жоюды және "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын таратуын талап еткен болатын.

"Шаңырақ", "Қарасу", "Бақай" және басқа да қала маңындағы ықшамаудан тұрғындары, сондай-ақ, өздерінің мүліктерін заңдастырудан бас тартқан комиссия шешімінің күшін жоюды да талап етеді. Және де петицияның соңғы тарауында "нәтижесінде қала тұрғындарының үйлерінің жер телімдерімен бірге жекеменшік компания қолында қалған аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы" талап қойылған.

Бастамашы топқа үш түрлі мәселе көтерген тұрғындардың өкілдері кіреді. Олардың бірінші тобы - мүліктерін заңдастыруға тыйым салған Шаңырақ, Қарасу, Бақай және басқа да қала маңындағы ықшамаудандардың тұрғындары; екінші тобы - жеке меншік мүлкінен күштеп айыру туралы сот шешімі шыққан қала тұрғындары және соңғы топ "Алматыжер" жер телімдерін аукционда сатып жіберген Қарасу ауылының тұрғындары.

12-желтоқсанда үш түрлі мәселе көтерген тұрғындардың өкілдері - 50 адам Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың барлық қаулылырдың күшін жою жөніндегі үндеумен қала әкімшілігінің алдындағы алаңға шықты. Олар өздерінің петицияларында әкімге: "Біз Алматы қаласы тұрғындарының бастамашы тобы сіздің қызметтен кетуіңіз жөніндегі қол жинау науқанын бастауға құқылымыз" деп үндеу жолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны