26.02.2010, 10:16 1689

Алматы тұрғындары тіркеу барысында санитарлық норманы енгізуді қолдап отыр - әкім

Депутаттар сауалдарына жауап берген Ахметжан Есімов жергілікті билік, қала қызметтері, құқық қорғау органдары өкілдерінің назрын қалаға ағылып келіп жатқан жандарды тіркеу барысында санитарлық норманы қатау сақтау қажеттігіне аударды. Осыған орай Иділет басқармасының тиісті жұмыс істеп жатқандығын да жеткізді. "Тіркеу барысында санитарлық норманың енуі мегаполис жұртшылығы тарапынан қолдау тауып отыр. Біз жабық қала жасаудан аулақпыз, бірақ бұл істе тәртіп болуы тиіс, себебі кім көрінген келіп, кетіп жатыр ", - деді Ахметжан Есімов.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы тұрғындары тіркеу барысында санитарлық норманы енгізуді қолдап отыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ахметжан Есімов Алматы қаласы мәслихатының IV- шақырылымдағы XXVI сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы мәслихатының IV- шақырылымдағы XXVI сессиясында Алматы қаласы әкімі мен аудан әкімдерінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, олардың 2010 жылы жүзеге асыратын міндеттері талқыланды.

Икімдер есептерінде Дағдарысқа қарсы бағдарламаның, Жол картасының орындалуына басты назар аударылды.

Депутаттар қала басшыларымен бірлесе отырып денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің құрылыстары, жеке меншіктегі бала бақшаларды мемлекет иелігіне алу, жол салу мен оны жөндеу, кондоминиумдар құру, инженерлік жүйелер мен тұрғын үй секторын жөндеуден өткізу, аймақты көгалдандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіпті дамыту, кіші және орта бизнесті қолдау, қоғамдық- саяси тұрақтылықты қалыптастыру жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсарту, барлық аудандарда санитарлық тазалыққа ерекше мән беру талқылаудың басты тақырыбына айналды. Алматы қалалық Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы депутаттар алдында қоршаған ортаның залалсыздануына қатысты кешенді бағдрламаның және автокөліктерге қызмет көрсететін нысандардың өндіріс қалдықтарын қалай пайдаланып жатқандықтары жөнінде есеп берді.

Мәслихат депутаттарының шешімдерімен аудан әкімдерінің есептері бекітілді. Ир аудандағы проблемалық мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, оларды шешудің жолдары ұсынылды.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" заңға сәйкес мәслихат Алматы қаласы Қалақұрылысы кеңесінің жаңа құрамын бекітті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, IV- шақырылымдағы мәслихат депутаттары Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың 2010 жылдың 10 ақпанында өткен қала тұрғындары алдындағы қорытынды есебін жоғары бағалады. Осы кездесуге қатысқандар және қала тұрғындары үлкен мегаполистің одан әрі дамуы барысында қала басшылығының жүзеге асырып отырған қыруар жұмыстарына оң бағасын берді және қала жұрты мен келген қонақтарға қатысты өзекті мәселелерді шешуде оңтайлы әдістерге мән беретіндігі ерекше аталып өтті.

Депутаттар сауалдарына жауап берген Ахметжан Есімов жергілікті билік, қала қызметтері, құқық қорғау органдары өкілдерінің назрын қалаға ағылып келіп жатқан жандарды тіркеу барысында санитарлық норманы қатау сақтау қажеттігіне аударды. Осыған орай Иділет басқармасының тиісті жұмыс істеп жатқандығын да жеткізді. "Тіркеу барысында санитарлық норманың енуі мегаполис жұртшылығы тарапынан қолдау тауып отыр. Біз жабық қала жасаудан аулақпыз, бірақ бұл істе тәртіп болуы тиіс, себебі кім көрінген келіп, кетіп жатыр ", - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы аудандарды газдандыру ісі таяу арада шешілуі тиіс екендігін де ескертті. Аталған жоба қала бюджеті мен "КазтрансГаз" АҚ-ы арқылы қаржыландырылады, осы мәселеге қатысты қала басшысы әңгіме өткізген болатын. Қазіргі кезде ЖСҚ әзірлену үстінде. " Аула іштерін ретке келтіріп, үйлеріне өз беттерінше газ кіргізіп алғандарға тосқауыл қою қажет. Ақы төлеу ісі шешіліп, барлық аудандарға газификация жүргізілуі тиіс. Біз бұл бағытта батыл қимылдайтын боламыз ", - деп атап өтті әкім.

"Алматының Халықаралық әуежайы" туралы депутаттар қойған сауалға Ахметжан Есімов бұл нысанның екі акционері бар екендігін, қазіргі дағдарыс кесірінен олардың да тұйыққа тіреліп отырғандығын, біреуінің терминал құрылысымен айналысып жатқандығын, сол себепті маңызды істердің баяу жүріп жатқандығын да түсіндірді. Байқалған келеңсіздіктерге қатысты қала басшылығы "Алматының Халықаралық әуежайы" АҚ-ның құрамына өз өкілін енгізетінін де жеткізді. Оның үстіне осы әуежайды бір инвесторға беру ісі де сөз болуда, егер бұл іс оң шешімін тауып жатса, ол инвестор жаңа терминал құрылысын аяқтап, еліміздің ірі әуежайын халықаралық деңгейге көтерер еді.

Қала басшысы экология сынды басты мәселені сөз еткенде қаладағы қаптап кеткен сапасыз техникалық қызмет көрсету бекеттерінің жұмысын ретке келтіру қажеттігін айтты. Бұлардың жұмысы мегаполистің экологиясына кері әсерлерін тигізуде. Ахметжан Есімов техникалық қызмет көрсету бекеттерінің бәріне дерлік күрделі тексеру жүргізуді тапсырды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, IV -ші шақырылған Алматы қаласы мәслихатының сессиясы қала әкімінің 2009 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі мен оған жүктелетін міндеттер мен функцияларды бекітті.

"2010 жылы қала басшылығы үшін шешімін күткен ең маңызды міндеттер - мегаполистің индустриалық-инновациялық дамуын одан әрі жүргізу және қалыптастыру, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің жетіспеушілігін болдырмау барысында дұрыс шешім қабылдау, 2010 жылы өтетін қысқы Азия ойындарына қатысты спорттық нысандарды сақадай сай етіп дайындау",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны