13.12.2007, 19:41 2977

Алматы тұрғындарының бастамашы тобы әкімшілік қаулысының күшін жоюды және "Алматыжерді" таратуды талап етуде

Алматы тұрғындарының бастамашы тобы әкімшілік қаулысының күшін жоюды және "Алматыжерді" таратуды талап етуде

Алматы. 13-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы тұрғындарының бастамашы тобы Алматы әкіміне әкімшіліктің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жер кодексіне қайшы келетін қаулыларының күшін жоюды және "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын таратуын талап етті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне бастамашы топтың мүшесі Ризада Жақыпбек хабарлады.

"Біздің қоятын талабымыз - әкімшіліктің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жер кодексіне қайшы келетін қолданыстағы "Мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін тәркілеу туралы" қаулысының күшін жою. Біз сондай-ақ аталмыш қаулыға сәйкес, азаматтарға берген шағым арыздарды қайтарып алуды, "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын құрылыс компаниялары мен алыпсатарлардың мүддесін қорғайтын заңсыз ұйым ретінде таратуды талап етеміз",- деп хабарлады Р. Жақыпбек.

"Шаңырақ", "Қарасу", "Бақай" және басқа да қала маңындағы ықшамаудан тұрғындары, сондай-ақ, өздерінің мүліктерін заңдастырудан бас тартқан комиссия шешімінің күшін жоюды талап етеді. Және де петицияның соңғы тарауында "нәтижесінде қала тұрғындарының үйлерінің жер телімдерімен бірге жекеменшік компания қолында қалған аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы" талап қойылған.

"Біз өзіміздің петициямызды Алматы әкімінің құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасары Қанат Сұлтанбековке тапсырдық. Ол бізге осы құжатта баяндалған өз талаптарымызға 10 күннен кейін жауап ала алатындығымызды хабарлады",- деді бастамашы топтың мүшесі.

"Қанат Сұлтанбековпен әңгімелесу барысында біз соттарды да, әкімшілікті де айыптадық, себебі, біздің пайымдауымызша, соттар мен "Алматыжер" тарапынан жасалып отырған осынау барлық заңсыз іс-әрекеттердің бастамашысы болып табылады, соның салдарынан мыңдаған адамдар үйлері мен жер телімдерінен айырылып қалды, кейбірі асыра табыс табатын құрылыс корпорациялары мен ірі алапсатарлардың арқасында жақын арада көшеде қалмақ",- деп мәлім етті Р. Жақыпбек.

Сонымен қатар, қалалық және сот құрылымдарының қызметкерлерінің барлық әрекеттері соңғы уақыттарда "бірдей, яғни олар біздің петинциямызды алып, белгілі бір мерзімде жауап алатындығымызды хабарлайды, одан кейін қандай да бір себептермен процессті созуға тырысады", деп хабарлады ол.

"Біздің мәселелеріміз өз шешімін таппай отыр, олар жекелеген адамдармен сөйлесіп, кейде қандай да бір нақты істің мән-жайын шешуге уәде бере отырып, олардың жеке проблемаларын талқылайды. Біздің басқа қадамдарға баруымызға мәжүбүрлейді. Мен мұның қандай әрекеттер болатындығын әзірге айта алмаймын. Біз мұны біздің жиналысымызда шешетін боламыз",- деп қорытындылады бастамашы топтың мүшесі.

Кеше үш түрлі мәселе көтерген тұрғындардың өкілдері - 50 адам Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың барлық қаулылырдың күшін жою жөніндегі үндеумен қала әкімшілігінің алдындағы алаңға шықты. Олар өздерінің петицияларында әкімге: "Біз Алматы қаласы тұрғындарының бастамашы тобы сіздің қызметтен кетуіңіз жөніндегі қол жинау науқанын бастауға құқылымыз" деп үндеу жолдады.

Бастамашы топқа үш түрлі мәселе көтерген тұрғындардың өкілдері кіреді. Олардың бірінші тобы - мүліктерін заңдастыруға тыйым салған Шаңырақ, Қарасу, Бақай және басқа да қала маңындағы ықшамаудандардың тұрғындары; екінші тобы - мүлік меншігінен күштеп айыру туралы сот шешімі шыққан қала тұрғындары және соңғы топ "Алматыжер" жер телімдерін аукционда сатып жіберген Қарасу ауылының тұрғындары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны