22.10.2008, 16:55 2816

Алматы үлескерлері қала әкіміне проблемалы нысандардың құрылысын қаржыландыру жайлы ақпаратты жария ету туралы талаппен петиция жолдады

Алматы үлескерлері қала әкіміне проблемалы нысандардың құрылысын қаржыландыру жайлы ақпаратты жария ету туралы талаппен петиция жолдады

Алматы. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін "Верный.KZ", "Алматыинвестстрой" және "Құрылыс Коммерц" компанияларының үлескерлері проблемалы нысандардың құрылысын қаржыландыру жайлы ақпаратты жария ету туралы талаппен петиция жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жағдай сын көтермейді және күн өткен сайын ол күрделілене түсуде. Біз тауқыметке тап болған компаниялардың үлескерлерін қолдау үшін мемлекет бөлген мардымсыз қаржының пайдаланылу тиімділігін көре алмай отырмыз. Икімдік өзінің қылмыстық әрекетсіздігімен жағдайдың тіптен қиындай түсуіне әсер етіп, адамдарды өрескел шараларға баруға итермелеуде", - делінген петицияда.

Осыған байланысты үлескерлер атқарушы биліктен "үкімет бөлген 10 млрд теңге көлеміндегі қаржыны әкімдіктің пайдалануының ашықтығын толық қамтамасыз етуді және ақшаның бөлінуі, құрылысқа қатысушылар, үлескерлерді қолдауға қатысты басқа да ақпараттарды БАҚ беттерінде жариялауды талап етеді".

Сондай-ақ, олар құрылыс компанияларының басшыларына қатысты тергеу жұмыстарының толыққанды жариялы болуын қамтамасыз етуді талап етеді.

Сонымен бірге, өз петициясында үлескерлер егер әкімдік олардың талабын елемейтін болса, әр апта сайын жаппай наразылық акцияларын өткізіп отыратынын және мемлекет басшысының берген бұйрықтарының жергілікті жерлерде орындалмай жатуына қатысты нақты ахуалдан хабардар ету үшін Астанаға ауқымды делегация жинап жатқанын жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны