16.09.2017, 11:10 3100

Алматы ұстаздары латын әліпбиіне көшудіӊ уақытын тапқандығы жайлы түсіндіруге шақырылды

Алматыда өткен білім беру саласы қызметкерлерініӊ кеӊейтілген отырысында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда өткен білім беру саласы қызметкерлерініӊ кеӊейтілген отырысында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы колледждері қауымдастығыныӊ президенті Жантілеу Азисхановтыӊ айтуынша, білім беру саласыныӊ қызметкерлері халыққа латын әліпбиіне көшу мәселесін түсіндіруге тиіс. Ол өз әріптестеріне үйлер мен пәтерлерді аралауды, тіпті жүрген жерлерінде, айталық, автобустарда да түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Қауымдастық президенті сондай-ақ бұл жұмыс барысында күрделіліктер кездесетінін ескерте келе, ұстаздарды талқыланып отырған мәселеге байыппен қарауды сұрады.

"Біз балаларымыз бен азаматтарымыз бұл мәселе бойынша қандайда бір қиындықты, күрделі жағдайды сезінбеуі үшін 2022 жылға дейін бар күшімізді саламыз деп сенеміз", - деді Азисханов. Өз сөзінде ол латын әліпбиіне көшудіӊ уақытын тапқандығы мен қажеттігін атап өтті.

Көп жылдық тәжірибесі бар ұстаз Аягүл Миразова Қазақстандағы жастардыӊ ағылшын тілін оқып жатқанына және латын тілінде оӊай жазып, оқитынына назар аударды.

"Аға буын өкілдері оқыту барысында қиындыққа душар болады деп айтып жүр. Мысалы, өз басым латын әліпбиі қолданылатын неміс тілін оқығанмын", - деді Миразова.

Іс-шараға сондай-ақ, қала мектептерініӊ өкілдері де қатысып, қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудіӊ түрлі қырларын талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны