02.05.2007, 16:12 3178

Алматы вокзалдарында сауда-саттық жасайтын кәсіпкерлер жалға берушілер тарапынан заңсыз жиналатын алымдарға наразылық білдіреді

АЛМАТЫ. 2-мамыр. Kazakhstan Today. Алматыдағы 1-шә және 2-ші вокзалдарда сауда-саттық жасайтын кәсіпкерлер жалға беруші "Вокзал-сервис" АҚ тарапынан заңсыз жиналатын алымдарға наразылық білдіреді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Талғат Акуов мәлімдеді.

""Вокзал-сервис" АҚ 7 жылда іс жүзінде жарытып ештеңе тындырған жоқ. Қыс маусымында вокзалдарда көшедегімен салыстырғанда суық. Жолаушыларға қызмет көрсететін кәсіпкерлер ұдайы қысылтаяң жағдайда жұмыс істейді. Жалға алу жөніндегі келісім-шарттары әр сайын өзгереді, ереже деген атымен жоқ",- деді Т.Акуов.

Оның айтуынша, "Қазақстан темір жолы" ҰК-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын акционерлік қоғамның басшылығы кейінгі екі жылда вокзал аумағындағы алаңдарды делдалдардың көмегімен жалға беріп келеді. "Жуырда ғана "Дирек" ЖШС мен "Rend-Business" ЖШС деген фирмалар пайда болды. Олар "Вокзал-сервис" АҚ-ымен жасасқан ресми келісім-шартқа сәйкес вокзалда жұмыс істейтін әрбір кәсіпкер олармен субаренда туралы шарт жасасуға тиіс дегенді алға тартуда",- деді Т.Акуов. Оның айтуынша, "осы фирмалардың басшылығы АҚ-ның оларға екі вокзалдың аумағындағы алаңдарды жалға беруге құқық бергендігін растайтын бір де құжатты көрсете алмаған".

Кәсіпкерлердің ақпаратына сәйкес, жаңадан пайда болған делдалдар жал құнын екі есе өсірмекші. "Біз орнатқан дүңгіршектерді алып, олардың орнына жаңасын қойып, оны бізге 8 мың АҚШ долларына сатпақшы",- деді жеке кәсіпкер Татьяна Рыжова.

Кәсіпкерлердің пікірінше, вокзалдар дұрыс жұмыс істеу үшін кәсіпкерлер бағынатын айқын ережелер болуға тиіс. Ал жалға беру жөніндегі келісім-шарты тым құрыса бір жылға жасалуға тиіс. Сол себепті олардың пайымдауынша, вокзалдардың ғимараттарын қаланың басқаруына, коммуналдық меншік департаментіне беру қажет.

Сонымен бірге Т.Акуов қауымдастықтың кәсіпкерлер атынан республика президенті Н.Назарбаевтың атына, бас прокурор мен "Қазақстан темір жолы" басшылығына мәселенің басын ашу туралы хат жолданғанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны