11.10.2007, 15:44 3165

Алматы және Астана қалаларының әкімдері бүгін республиканың барлық өңірлері бойынша он-лайн режимінде интерактивті сабақтар өткізеді

Алматы және Астана қалаларының әкімдері бүгін республиканың барлық өңірлері бойынша он-лайн режимінде интерактивті сабақтар өткізеді.

Астана. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Астана қаласының әкімі Асқар Мамин бүгін республиканың барлық өңірлері бойынша "Қазақстан -2030. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы" атты стратегияның 10 жылдығына орай он-лайн режимінде интерактивті сабақтар өткізеді, деп хабарлайды агенттік ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әкімдер мектеп оқушыларына елімізде кейінгі он жылда болған өзгерістер жайлы әңгімелеп береді.

"Сабақты он-лайн режимінде өткізу еліміз оқушыларының білім көкжиегін кеңейту мен тереңірек білім игеруі үшін аса маңызды", деп санайды мекемедегілер.

Сонымен бірге, "10 қазан, сәрсенбіде еліміздің білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев та он-лайн режимінде интерактивті сабақ өткізіп, оған еліміз мектептерінің 1000 шақты оқушысы қатысты. "Бұл - еліміз тариыхындағы екінші сабақ", - деп нақтылайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, он-лайн режиміндегі алғашқы интерактивтік сабақты президент Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде өткізген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны