03.02.2012, 15:58 3194

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар көшкіні болуы мүмкін деп күтілуде

"Алматы гидрометеорологиялық бақылау орталығы" мемлекеттік кәсіпорнының хабарлауынша, 3-6 ақпан күндері аралығында Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қардың қалың жаууына және мөлшерден асатын қар қабатының қалыңдығына байланысты қар көшкіні болуы ықтимал.

Астана. 3-ақпан. Kazakhstan Today - Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар көшкіні болуы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алматы гидрометеорологиялық бақылау орталығы" мемлекеттік кәсіпорнының хабарлауынша, 3-6 ақпан күндері аралығында Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қардың қалың жаууына және мөлшерден асатын қар қабатының қалыңдығына байланысты қар көшкіні болуы ықтимал.

Аталмыш себептерге байланысты орталық қар көшкінін туғызбау мақсатында туристер мен қала тұрғындарына тау етегіне шықпауға кеңес беріп, "Таулы аудандарда абай болыңыздар", - деп ескертеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны