30.06.2011, 14:01 7346

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ жууы мүмкін

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, оның екпіні 15-22 метр/секунд жылдамдыққа жетуі мүмкін. Күндіз Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін деп күтілуде.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ жууы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазгидрометтің болжауынша. Еліміздің орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандары атмосфералық ағымның ықпалында болып, кей жерлерде жаңбыр жауып, күшті жел соғуы мүмкін. Қазақстанның басқа аймақтары антициклонның ықпалында болады.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, оның екпіні 15-22 метр/секунд жылдамдыққа жетуі мүмкін. Күндіз Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін деп күтілуде.

Ақмола, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты жел тұрады, Оңтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрады деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерге тұман түсуі мүмкін. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы облысының солтүстігі мен Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны