19.02.2013, 11:20 3128

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында қар қоры бір жарым жылдық нормаға жеткен

"Қазгидромет мәліметі бойынша, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында қар орташа көп жылдық деңгейден жиырмадан елу пайызға дейін көп түскен. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және кейбір жазықты аудандарында күрделі жағдай қалыптасқан. Бұл облыстарда қар қоры бір жарым жылдық нормаға жеткен",- деді Божков.

Астана. 19-ақпан. Kazakhstan Today - Биыл Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында қар қоры бір жарым жылдық нормаға жеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Қазгидромет мәліметі бойынша, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында қар орташа көп жылдық деңгейден жиырмадан елу пайызға дейін көп түскен. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және кейбір жазықты аудандарында күрделі жағдай қалыптасқан. Бұл облыстарда қар қоры бір жарым жылдық нормаға жеткен",- деді Божков.

Оның айтуынша, Экология министрлігі Көксу, Лепсі (Алматы), Бұқтырма, Оба (Шығыс Қазақстан), Тобыл, Торғай (Қостанай), Нұра-Шағалы(Ақмола), Нұра, Кеңгір, Шерубайнұр, Сырасу(Қарағанды облысы) өзендерінің су деңгейі көтеріледі деген болжам жасап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны