12.07.2006, 18:43 2938

Алматы және Жамбыл облыстарындағы өзендерде сел жүруі мүмкін – төтенше жағдайлар министрлігі

АЛМАТЫ. 12-шілде. Kazakhstan Today. Алматы және Жамбыл облыстарындағы өзендерде сел жүруі мүмкін. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл жауап қату бөлімінің бастығы Мұрат Жұматаев хабарлады.

“Алдағы тәуліктерде қатты нөсер күтілуге байланысты Алматы және Жамбыл облыстарындағы тау өзендерінде сел жүруі мүмкін”,- деді М.Жұматаев.
Осыған байланысты М.Жұматаев төтенше жағдайлардың болу мүмкіндігін ескертеді. Шілденің 12 мен 14 аралығында қатты нөсер жауады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны