17.12.2017, 18:27 4017

"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша жас алматылықтарға жаӊа пәтерлердіӊ кілттері тапсырылды

Тәуелсіздік күні қарсаӊында қалада жастарға несие берудіӊ "Алматы жастары" сынамалы бағдарламасы бойынша кілттер мен тұрғын үй сертификаттары табыс етілді, бұл өміршеӊ бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд. теӊге бөлінді.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Тәуелсіздік күні қарсаӊында қалада жастарға несие берудіӊ "Алматы жастары" сынамалы бағдарламасы бойынша кілттер мен тұрғын үй сертификаттары табыс етілді, бұл өміршеӊ бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд. теӊге бөлінді.

Алматы әкімдігі мен "Тұрғынүйжинақбанкі" бірігіп қолға алған "Алматы Жастары" бағдарламасыныӊ басты ерекшелігі жас мөлшерін ұлғайтып, 35 жасқа дейінгі жас алматылықтарды қамтығанында. Алғашқы жарна төлемесе де несие еӊ төменгі пайыз бойынша беріледі және жастардыӊ қайда жерде жұмыс істейтіндігініӊ еш қатысы жоқ.

"Тұрғын үймен қамтамасыз ету - бұл жастарға қатысты маӊызды мәселеніӊ бірі, олардыӊ жұмысқа орналасуы, білім алуы үнемі жіті назарда, сондықтан "Алматы Жастары" бағдарламасыныӊ аясында жыл соӊына дейін 100 алматылық жас отбасы жеке пәтерлерініӊ кілтіттерін алады. Жастар бағдарламасы бойынша берілген заемға Алматыдан алғашқы үйді сатып алуға болады, сөйтіп ақша қалада қалады. Яғни, осы ақшадан құрылысшыларға жалақы төленеді, кәсіпорындарға тапсырыс беріледі, құрылыс компаниялары қала бюджетіне салық төлейді", - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Ол "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша салынған 6 мыӊ пәтер кезекте тұрғандар арасында бөлінгенін де айтты. Жыл қорытындысы бойынша Алматыда кезекте тұрған әрбір төртінші отбасы жаӊа үйге ие болады.

"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" төрағасыныӊ орынбасары Жанар Жұбаниязова "Алматы Жастары" бағдарламасыныӊ барынша ашық болуын қамтамасыз ету үшін арнайы www.almaty-zhastary.kz порталы ашылғанын, қатысушылар соған өтініш бергендерін айтты..Құжаттардыӊ басым көпшілігі электронды үкіметтіӊ өӊірлік шлюзінде автоматты түрде сұрыпталды. Құжаттарды қоғам мен жастар өкілдерінен құралған тұрғын комиссиясы қарады..

Сарапшылар баллдық жүйе арқылы алматы жастары мен жас отбасыларға қолдау көрсетті. Мысалы, тұӊғыш бала үшін 10, кейінгі әр бала үшін 15 баллдан берілді.Жұбайлық өмірдіӊ әр жылына екі баллдан қосылды.

Қосымша баллдарға меншік түріне қарамастан қаланыӊ әлеуметтік саласында жұмыс істейтін жастар ие болды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қосымша 10 баллдан берілді. Алматыныӊ бизнес ақаласы екендігі ескеріліп, жас кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілді, мұндағылар әр жұмыс істеген жылдары үшін бір жарым баллдан алды.

Жаӊа пәтерлердіӊ кілттерін алғашқы болып алғандар қатарында Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігері Исия Миртаева, Қалалық адам репродукциясы орталығы зертханасыныӊ маманы Райгүл Жанғалиева, "АвтоГазАлматы" ЖШС инженер- операторы Нұрлан Сапаров жәнге басқалары бар. Жалпы, бағдарлама мәресіне 72-ден 162 дейін балл жинағандар жетті.

Қала әкімініӊ қолынан жеке пәтерініӊ кілтін конкурста 92 балл жинаған жедел жәрдем фельдшері Оксана Шефер алды.

"Мен Президентімізге және осы бағдарламаны ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамын. Келер жылы да Алматыда жастар үшін тұрғын үй алуға жеӊіл несие беретін осы Бағдарламаныӊ жалғасуын қалаймын. Пәтер алғанымды білген меніӊ әріптестерім, достарым аталған бағдарламаға зор қызығушылық танытуда. Өз пәтерімізге ие болғанымыз үшін біз бақыттымыз, барлықтарыӊызды алдағы мерекелермен құттықтаймын", - деді Оксана Шефер.

Оксана Шефердіӊ жалғыз өзі тәрбилеп отырға тоғыз жасар қызы Милана қуанышын жасыра алмай: "Мен жаӊа жылды жаӊа үйде қарсы алатынымызға өте қуаныштымын әрі ит асырайтын боламыз!",-деді.

Еске салсақ, Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша 2017 жыл Алматыда Жастар жылы болып жарияланған еді. Жастар өмірін тереӊ саралай келіп, Алматыда тұӊғыш рет "2020 жылға дейін жастарды қолдаудыӊ жол картасы" жасалды. "ҰК "Алматы"ИҚК" АҚ-ныӊ қаржыландыруымен жатақхана салу жобасы қолға алынды.2000 орынды төрт жатақхана құрылысы аяқталып қалды. Келер жылдан бастап 2,4 мыӊ орынды тағы екі жатақхана құрылысы басталады. Жалпы, 2020 жылға дейін қалада 7 мыӊ орынды 12 жатақхана салынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны